Электронды оқу залында тоғызқұмалақтан жазушылар, ақындар және журналистер арасында турнир өткізді.

Астана Қаласының 20 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Дүние және республикалық ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ Федерациясы, «Elorda Aqparat»медиакомпаниясы және Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, ҚР Ұлттық Архиві бірлесіп«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің Электронды оқу залында тоғызқұмалақтан жазушылар, ақындар және журналистер арасында турнир өткізді.
 
Елорда мәртебесін асқақтатуға, сондай-ақ ұлттық өнерді ұлықтауға арналған жарысты Дүниежүзілік және республикалық ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ Федерациясының төрағасы Алихан Байменов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
Бұл турнирге Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан т.б. облыстарынан спортшылар қатысуда. Жарыс Швейцарлық жүйесінде өтіп жатыр және үздіктер арасында жарыс қызу үстінде. Кешке жеңімпаздар белгілі болады.

Leave a Reply