Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директорының м.а. қызметіне Болдыков Жандос Бекділдаұлы тағайындалды.

Болдыков Жандос Бекділдаұлы 1984 жылы 14 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Д.А. Қонаев университетін заңгер мамандығы бойынша  бітірді. 2009-2011 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2005 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында заңгер қызметі бойынша бастады. 2010-2014 жылдары М. Әуезов атындағы  Қазақ академиялық драма театрында директордың заң және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 2012 жылы “драма театрының режиссері” мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін “Астана Опера” Мемлекеттік опера және балет театры» АҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы қызметін атқарды.

Leave a Reply