ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ОРТАЛЫҒЫ МЕН ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ МӘДЕНИ ӨКІЛДІГІ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың ақпан айының 4 күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Иран Ислам республикасы Елшілігінің мәдени сұрақтары бойынша кеңесшісі Әли Кебриай Задемен халықтардың мәдени және жазба мұраларын сақтау саласында тікелей және өзара тиімді байланыс орнату үшін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы Меморандумның негізгі мақсаты екі тараптың мүмкіндіктерін және ғылыми-зерттеу қызметтерін тиімді пайдалану, мәдени мұраны сақтау және пайдалану саласындағы өзара түсіністікті қолдау және ынтымақтастықты дамыту, құндылығын анықтау, аудару, зерттеу және екі елдің тарихына, мәдениеті мен тұрмысына қатысты қолжазбаларды ғылыми айналымға енгізу, көне кітап ескерткіштерін қалпына келтіру, оларды каталогтау және цифрландыру саласында ғылыми тәжірибемен алмасу, сондай-ақ қолжазбалардың цифрлық көшірмелерінен микрофильмдер жасау болып табылады. Бұл келісім алдағы уақытта жоғарыда аталған салалар бойынша ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететініне сенімдіміз.