ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ МУЗЫКА ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СИРЕК КІТАПТАР ТОПТАМАСЫ

Кез-келген халықтың өзіне тән ұлттық мәдениеті, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-этнографиялық ерекшеліктері болады десек, солардың бір арнасы – музыка болып табылады. Ел қиялында туып, өрбіп отыратын аңыз-әңгімелер мен жыр-дастандар сол халықтың әдеби, мәдени мұрасы ретінде ауыздан-ауызға беріліп, дамып, бірде қайғы, бірде қуанышқа бөлейтін мұңды да асқақ ән мен жыр арқылы дамыған.
         Осы ретте, белгілі фарабитанушы-ғалым Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай» атты ғылыми еңбегінде музыка туралы келелі ойын келесідей келтіреді: «Әсем әуен алпыс екі тамырды бірдей қозғайтын кереметті, құдіретті нәрсе. Құдіретте өнерді керекті жерінде өлшеумен ұстап, тізгінді ақыл-ойға беріп ізгілік іске қоссақ, онан келер пайда тағы көп. Көкірек кеңіп көңіл оятар, қиял қоздырып қайрат берер тағы сол…Ғылымның ата тегі әр ненің өлшеуін білуде емес пе».
Елордамыздың төріндегі ҚР МСМ «Қолжазбалар және сирек кітаптарды ұлттық орталығы» РММ-нің қорынан музыка тақырыбы аясындағы кітаптар Сіздердің назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз. Атап айтатын болсақ, А.Жұбановтың «Әндер.Романстар.Хорлар» (1957, Алматы), А.В. Затаевич «Исследования. Воспоминания. Письма и документы» (1958, Алма-ата), Қ.Мусиннің «Әндер.Романстар.Хорлар» (1958, Алматы қ.), Б.Байкадамовтың «Әндер.Хорлар. Романстар» )1957, Алматы қ.), Ш.Қалдаяқов «Сағынышым менің» )әндер жинағы) (1976, Алматы), «Алтын дән әні» (Құрастырған және музыкалық редакциясын қараған Б.Ғизатов), Е.Есететов «Әндер жыйнағы» (1958, Алматы қ.), В.М. Миненко, П.М. Момынов «Краткий курс музыкальной литературы Казахстана» )1978, Алма-атақ.).
           Cонымен қатар, Ұлттық орталықтың қорында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында 2009 және жарыққа шыққан «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты жинаққа бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлері енгізілген. Ал, 2010 аталған мемлекеттік бағдарлама аясында жарық көрген «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты жинаққа К.Байсейітова, Ж.Елебеков, Ғ. Құрманғалиев, Қ. Жандарбеков, Е.Өмірзақов, М.Ержанов, Е.Серкебаев, Р.Бағланова сияқты саңлақ әншілеріміздің әндері баршылық.
          Осылайша, жоғарыда берілген кітаптармен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына келіп толыққанды түрде таныса аласыздар.
Библиография: Музыка өнері / Қоңыратбай, Тынысбек, – Алматы : Өлке, 2009 . – 479 б.– (Әлемдік өнертану. – Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы бойынша, Мұқабада кітаптың аты: Әлемдік өнертану. Музыка өнері Библиогр.: 475-476 б.