Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Доржи Банзаров атындағы Бурятия мемлекеттік университетінің студенттері…

2019 жылдың 11 апан күні Доржи Банзаров атындағы Бурятия мемлекеттік университетінің студенттері екі мекеме арасындағы Ынтымақтастық келісім-шарт аясында танысу және тәжірибе алмасу мақсатымен «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына» келді. Аталған іс-шара барысында студенттерге Ұлттық орталықтың көрме залы, қалпына келтіру және электронды оқу залдарының жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар, студенттерге Нұр-Сұлтан қаласы жайындағы видеофильмі және қазақтың ұлттық дәстүрлі ән-күйі көрсетілді, ұлттық тағамдары ұсынылды. Соңында студенттерге сертификаттар тапсырылды және студенттер ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Leave a Reply