ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҒЫЛЫМИ ІС-САПАРДА

Ағымдағы жылдың наурыз айының 2-5 күндері аралығында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Пәрімбекова Кәмшат Пазылқызы және Ұлттық орталықтың ғылыми кеңесшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы Алматы шаhарындағы ғылыми мекемелерге, институттар мен кітапханаларға ғылыми іс-сапармен аттанды. Осыған байланысты, ҚР Ұлттық кітапханасы және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инстиутында болып, ғылыми іс-тәжірибелерімен бөлісті. ҚР Ұлттық кітапхананың директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызының қабылдауында болып, еліміздегі қолжазбалар және сирек кітаптар қоры мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, Ұлттық орталықтың бөлім басшысы Пәрімбекова Кәмшат Пазылқызы және ғылыми кеңесші, профессор Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы ҚР Ұлттық кітапхананың бөлімдері : «Цифрлы технологиялар», «Қорларды сақтау», «Қалпына келтіру, консервация және түптеу», «Көрмелер және мәдени бағдарламалар» және т.б. қызметтерімен танысты. Осылардың ішінде, «Сирек кездесетін кітаптар және қолжазбалар» қызметінің басшысы Бекпулатова Айхан Құдайбергенқызы бөлім жұмысымен және Ұлттық кітапхана қорындағы қазақ тіліндегі қолжазбалар Қазақстан туралы орыс тіліндегі қолжазбалар, шығыстық қолжазбалар, көне орыс және славяндық қолжазбалар, орыс тіліндегі қазақ басылымдары және т.б. сирек басылымдармен таныстырды. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханаға барған ғылыми сапардың нәтижесінде бірқатар қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталық қорына сыйға табыс етілді. Атап айтатын болсақ, 18 ғасырдағы Құран кітабының суреті бар плакат, араб қарпінде және төте жазуда жарық көрген еңбектер топтамасы болып табылады. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Фарабитанушы А. Машанидың ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның қонақтары ретінде Халықаралық Түркі Академиясының және «Егемен Қазақстан» газетінің Президенті Дархан Қыдырәлі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ғылыми кеңесшісі, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы, Ұлттық орталықтың «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Пәрімбекова Кәмшат Пазылқызы және т.б. ғалым-зерттеушілер қатысып, ғылыми ой-тұжырымдарымен бөлісті. Сонымен қатар, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірнеше ғылыми кітаптар мен еңбектерді Ұлттық орталыққа тарту етті. Ұлттық орталық ғылым қызметкерлері аталмыш инстиуттың ғылыми бөлімдерімен және қорға бай кітапханасымен танысты. Қазіргі таңда, Ұлттық орталықтың ғылым қызметкерлерінің ғылыми мекемелерге бару үрдісі өз жалғасын табуда.