ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы» деп атай келе, қазіргі таңда, жастар, ғылымға, білімге әрдайым ұмтылу керектігі жөнінде баса атап өтеді. Осы орайда, қазақ елінің түпкі де терең тарихы қолжазбаларда екендігі хақ. Осындай мақсатпен, ағымдағы жылдың наурыз айының 2-5 күндері аралығында Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығының қызметкерлері Алматы шаhарындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инстиуты, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану инстиуты, ҚР Ұлттық кітапхана мен «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында ғылыми іс-сапарда болып іс-тәжірибелерімен бөлісті. Осы орайда, бүгін, Ұлттық орталықтың қабырғасында ғылыми семинар есебі берілді. Бұл ғылыми семинардың дәріскерлері Ұлттық орталықтың ғылыми кеңесшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы және «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Пәрімбекова Кәмшат Пазылқызы болды. Ғылыми семинар барысында Ұлттық орталықтың қызметкерлері Алматы қаласындағы ғылыми институттар мен кітапханалардағы сирек кітаптар мен қолжазбалар және т.б. мәселелер бойынша бірнеше сұрақтарға жауап алды. Іс-сапар нәтижесінде Ұлттық кітапхана орталыққа сый ретінде Қожа Ахмет Ясауи мавзолейінде сақталып келген XVIII ғасырдың ғажайып мұрасы Құран қолжазбасының суреті, Сүлеймен Бақырғанидың «Хикмат Хазірет Сұлтан әл-Ғарифин» (Транскрипция жасаған: Мұхамедрақым Жармұхамедов, Мақсұт Шафиғи; редакциядан түсініктемелерін жазған Толқын Замзаева – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2019.), 1924 жылы жарық көрген Халел Дос-мұхамбетұлының «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» (1992), 1927 жылы жарық көрген «Жатпа қазақ (жырлар жинағы)», араб, парсы және латын тілдерінде кітаптардың каталогтары және т.б. ғылыми еңбектер, сирек кітаптар мен қолжазбалардың көшірмелерімен танысуға болады. Сонымен қатар, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инстиуты, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану инстиуты қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жарық көрген еңбектерін Ұлттық орталыққа сыйға табыс етті. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы барлық оқырмандарға есігіміз айқара ашық.