«ҚОЛЖАЗБАЛАР СӨЙЛЕЙДІ» АТТЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ КЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМЫ

«ҚОЛЖАЗБАЛАР СӨЙЛЕЙДІ» АТТЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢКЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМЫҚазіргі таңда, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында әр адамзат баласына рухани тұрғыда ой салуға түрткі болатын «Қолжазбалар сөйлейді» атты ғылыми-мәдени бағдарлама өз жұмысын жалғастыруда. Аталмыш бағдарламаның жүргізушісі, Ұлттық орталықтың бас сарапшысы Жабықбай Әділәлі бірнеше ғалым-профессорлардан сұхбат алды. Осыған дейін, Сіздер ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, PhD доктор Ершат Оңғаров, Назарабаев университетінің профессоры Юлай Шамиль Оғлы секілді ғалымдардың ғибратты да ғақлия сөздерге толы дәрістерін назарларыңызға ұсынған болатынбыз.Бүгін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры т.ғ.д., Артықбаев Жамбыл Омарұлының ғылыми деректер арқылы тың ақпараттарымен бөліскен онлайн дәрісін тыңдап тамашауларыңызға үлкен мүмкіндік туып отыр. Ұлттық орталықтың «Қолжазбалар сөйлейді» атты ғылыми-мәдени бағдарламасының толық нұсқасын орталықтың «youtube» интернет парақшасынан көріп таныса аласыздар.Енді, белгілі ғалым, тарихшы-этнограф Артықбаев Жамбыл Омарұлы туралы үзік ақпаратты келтіретін болсақ, 1959 жылы Қарағанды облысы Бұқар жыру ауданы Жаңақала ауылында дүниеге келді. 1997 жылдан осында кафедра және лаборатория меңгерушісі. Павлодар мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (2003–08), 2008 жылы Астана қаласындағы Мемлекет тарихы ғылым-зерттеу институты директорының орынбасары болып қызмет атқарды. «ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Артықбаев Қазақстан тарихы мәселелерін қарастыратын бірқатар кітаптар мен оқулықтардың «Этносоциальная структура казахов Северо-Центрального Казахстана во второй половине XIX в.» (1989), «История Казахстана в XIX в.» (1992), «Бухар жырау. Двенадцать историй» (1994), «Этносоциальная структура казахского общества в XVIII в. (1997), «Казахское общество в XIX в.: традиции и инновации» (1993), «История Казахстана» (1999) «Сарыарка – колыбель степной цивилизации» (1999), «Этнология и этнография» (2001), «Казахское общество: традиции и инновации» (2003) және т.б. ғылыми еңбектердің авторы.Толық нұсқасы YouTube парақшасындаhttps://youtu.be/uc7ifNdGv9c