«ҚОЛЖАЗБАЛАР СӨЙЛЕЙДІ» АТТЫ БАҒДАРЛАМА: АБАЙ ТУРАЛЫ СӨЗ

10-тамыз – «Абай» күнінен орай ұйымдастырылған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-де «Қолжазбалар сөйлейді» атты кезекті бағдарламасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай» академиясы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, PhD доктор Кәріпбаев Жанбота Тасболтаұлы қазақ халқының бас ақыны Абай тұлғасы және қаламынан туындаған шығармалары турасында мазмұнды да мәнді, ғылыми тұжырымдарымен бөлісіп сұхбат берді. Ал, аталған ғылыми-мәдени бағыттағы тағылымы мол бағыттағы бағдарламаның жүргізушісі Ұлттық орталықтың бас сарапшысы Жабықбай Әділәлі.

Аталаған сұхбатта Елордамыздың төрінде орын тепкен Л.Н.Гумилев университетінің қабырғасында ашылған «Абай» академиясы ғылыми-зерттеу институтының мақсаттары мен міндеттері, миссиясы және Абай тұлғасы және оның шығармашылығы, Отандық ғалымдардың еңбектеріндегі Абай және  зерттеу үрдістері,  текстологиясы  туралы тың ақпараттар көрініс тапты. Осы ретте, PhD доктор Ж.Т. Кәріпбаевтың  келелі де ғылыми ой-тұжырымдары көрініс тапқан сұхбатты Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.