«ҚОЛЖАЗБАЛАР СӨЙЛЕЙДІ» АТТЫ БАҒДАРЛАМА

Қолжазба – ұлт руханиятының негізі. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деп атай келе, барық рухани қазыналардың тоғысқан жері – қолжазбалар мен сирек кітаптарда.Елорда төріндегі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының сирек қорында еліміздің төл тарихын танытатын құнды қолжазбалар мен кітаптар жетерлік. Сондай-ақ, ұлттық орталықта ғалым-профессорлардың дәрістері, ғылыми дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, әр адамзат баласына рухани тұрғыда ой салуға түрткі беретін «Қолжазбалар сөйлейді» атты ғылыми-мәдени бағдарлама өз жұмысын бастады. Аталмыш бағдарламаның жүргізушісі, Ұлттық орталықтың бас сарапшысы Жабықбай Әділәлі бірнеше ғалым-профессорлардан сұхбат алды. Атап айтатын болсақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Тұрсынхан Зәкенұлы, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, PhD доктор Ершат Оңғаров, Назарабаев университетінің профессоры Юлай Шамиль Оғлы. Алғаш болып сұхбат берген профессор Ю.Шамиль Оғлының Алтын Орда кезеңі турасында ғылыми ойларын айтып, зерттеу жұмыстарында жасаған ғылыми тұжырымыдарымен бөлісті.Ұлттық орталықтың «Қолжазбалар сөйлейді» атты ғылыми-мәдени бағдарламасының толық нұсқасын «youtube» интернет парақшасынан көріп таныса аласыздар.