ҚР Бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова

ҚР Бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасының халық арасында короновирустық инфекция ауруының алдын-алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулы қабылдады. ҚР Бас санитардың көрсетуі бойынша аталған қаулы 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енетіндігін мәлімдеді. Бұл қаулыда қоғамдық өмірдің  барлық саласын қамтыған ережелер  қамтылған. Осы ретте, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ҚР МСМ «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің қызметкерлері жоғарыда аталған қаулыға сәйкес  өз жұмыстарына кірісті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сайтынан алынды: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/32219?lang=kk