ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының жыл сайынғы кезекті халық алдындағы есебі өтті. Кезекті есепте мәдениет және спорт саласының 2020 жылғы негізгі қызметтері мен алдағы уақытта атқарылатын ғылыми және мәдени іс-шаралар туралы ойды дәйектеді. Осы ретте, ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы өз есебін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік» деп деген ұлағатты сөзін негізге ала отырып, мәдениет пен өнердің, спорт пен туризмнің ел дамуында алатын орны ерекше екендігін айқындап көрсетті. Кезекті жылдық есепте, еліміздің мәдениет, спорт және туризм салаларының даму ерекшелігі және түйткілді мәселелерді толыққанды нақтылап көрсетті.

2020 жыл әлемдік деңгейде ортағасырлық белгілі ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтілуде. Аталған кезекті есебінде Ұлы дала елінің ұлы ғұлама-ойшылдарына байланысты елімізде және өзге елдерде өткен іс-шаралар мен алдағы уақытта ЮНЕСКО шеңберінде өткізілетін ғылыми конференциялар мен мәдени іс-шаралар туралы мәліметтерді берді. Сондай-ақ, еліміздің ежелгі қалалары және ежелгі тарихи орындардың күрделі жөндеуден өтіп жатқандығы жайында айтып өтті.

Сонымен қатар, еліміздің архив саласы бойынша тарихи құжаттардың цифрлануы туралы да қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді атап өтті.

Әлемді жайлаған пандемияға қарамастан, елімізде онлайн тұрғыда ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, «виртуалды көрмелер», мастер-класс, «Біз біргеміз», «Бірге үйренеміз», «Звезда на карантине» атты акциялар ұйымдастырылғандығы жөнінде ерекше атады. Сондай-ақ, еліміздегі театр, туризм салаларына байланысты да маңызды мәлімдемдемелер жасады.