ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӘР ҚАЗАҚ – МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ» ДЕГЕНДЕЙ, ӘР АЗАМАТЫМЫЗДЫҢ ҚАЗАСЫ МЕНІҢ ЖҮРЕГІМЕ ҚАТТЫ БАТАДЫ»

Сурет: inform.kz сайтынан алынды

Әлемді жалмаған жұқпалы ауру әлем халықтарын әбігерге салып,  адам өміріне орасан зор қауіп төндіруде. Осылайша, Қазақстан халқы туған-туысқандарынан, аға-бауырларынан, апа-сіңлілерінен, жақындарынан айырылды. Бұл, әрине, орны толмас қайғы.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың шілде айының 8-ші жұлдызында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті телевизиялық үндеуінде: ««Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын» дей келе, Қазақстан халқын қолдап сабырға шақырды. Сонымен қатар, кезекті үндеуінде Мемлекет басышысының Жарлығымен 13-шілдені – «Ұлттық аза тұту» күні деп жариялады.

Осы ретте, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің ұжымы елімізде жақындарынан айырылған азаматтардың отбасына сабырлық тілеп, қабырғасы қайысып көңіл айтады! Әрқайсымыз, бір шаңырақтың астында жанұяларымызбен бірге болып, өзіміздің денсаулығымызды қастерлеп күтейік!