ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2006 жылы 15 желтоқсанда қабылданған «Мəдениет туралы» Заңның 21-бабы, 1-тармағына сәйкес, биыл қарашадағы № 454 Жарлығымен бірқатар мəдениет ұйымына «Ұлттық» мəртебесін берді.

«Ұлттық» мəртебесіне ие болған Мəдениет жəне спорт министрлігіне бағынысты мекемелер:

– Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі;

– М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры;- Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры;

– М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.Бүгін Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова аталған мекеме басшыларына Мемлекет басшысының бұйрығын табыстады.