ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЕЛБАСЫНЫҢ ТҰЛҒАСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАЯНДАЙТЫН ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР МЕН КІТАПТАР ТОПТАМАСЫ БОЙЫНША «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ТҰЛҒА» АТТЫ ОНЛАЙН КӨРМЕСІ

ҚР Тұңғыш Президенті еліміздің бас шаhары туралы игі бастамасын, ізгілікті идеясын 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің отырысында жариялады. Осылайша, 2008 жылдың 25-ші маусымында «ҚР  мейрамдары туралы ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес елдің жаңа мемлекеттік мейрамы – 6 шілде – Астана күні мейрамы бекітілді.

Елбасының 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ел басындағы қиындықтарға қарамастан елорданы ауыстыру туралы идеяны іске асырып, XXI ғасырдағы әлемдегі ең сәулетті қалалардың біріне айналдырып, әлемдік деңгейде танытуда Елбасының алар орны ерекше. Осылайша, 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп аталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің барша қазақстандықтарды және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын аталмыш мерекемен құттықтай отыра, көк байрағымыз желбіреп, еліміздің еңсесі биіктеп, абыройы арта берсін деп тілектестік білдіреді. Сонымен қатар, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі жолында, халық үшін аянбай атқарған еңбектеріңізді халық жадында мәңгі сақтайды. Елбасының 80 жылдығымен құттықтай отыра, ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық, бақ-береке тілейді.

Осы ретте, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы және ҚР Ұлттық архивінің қорларындағы Елордамыздың тарихы және бас шаhарды қалыптастырып дамытудағы Тұңғыш Президенттің рөлі туралы  сыр шертетін кітаптар мен ғылыми еңбектер және архив құжаттарынан тұратын онлайн көрмені назарларыңызға ұсынамыз.  Elbasy.kz