“Ұлы даланың ұлы тұлғалары: Әбу Насыр әл-Фараби және Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани” атты ғылыми лекция-семинары.

2019 жылдың 28 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған “Ұлы даланың ұлы тұлғалары: Әбу Насыр әл-Фараби және Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани” атты ғылыми лекция-семинар өтті. Аталған іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттары және Ұлттық орталық қызметкерлері қатысты.

Ғылыми лекция-семинар Ұлы Даланың ұлы ойшылы әл-Фараби бабамыздың келесі жылы тойланатын 1150 жылдығы қарсаңында өткізілді. Студенттерге лекция-семинар барысында тұңғыш фарабитанушы Ақжан әл-Машанидің Фарабитану ғылымын зерттеудегі еңбектерінің нәтижесінде түсірілген «Сан және дыбыстар» (Число и звуки) деректі фильмі, мұрағаттық құжаттарына негізделген слайдтар көрсетілді. Сонымен қатар, жастарға қолдау көрсетіп, ғылымға баулып жүрген т.ғ.д., профессор Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы аталған тақырып бойынша лекция оқыды. Жиынға қатысқан тарих факультетінің студенттері қазақ жерінен шыққан Ұлы тұлғалардың еңбектерін жан-жақты талқылап, өз ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында Ұлттық орталық директоры Болдыков Жандос Бекділдаұлы белсенді студенттерге алғыс хаттар тапсырды.

Leave a Reply