ҰҚК қызметкерлері реставрация және құжаттаманы сақтау жұмысымен танысты

Бүгін ҰҚК қызметкерлері ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының тыныс-тіршілігімен танысып, іс-тәжірибе алмасып қайтты.

Ұлттық орталыққа арнайы келген ҰҚК қызметкерлеріне Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы «Реставрация-консервация» бөлімінің реставратор маманы Жансерік Бейсенқұлов қолжазбалар мен құжаттаманы қайта қалпына келтіру механизмін үйретіп, лаборатория жұмыстарын таныстырды.

Сондай-ақ, ҰҚК қызметкерлері Ұлттық орталықтағы көне мұралар көрмесін аралап, құжаттаманы қалай сақтауға болатынын үйренді.