Балапандарды мерекелерімен құттықтаймыз!

Бүгін Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «San&art school» балалар сурет мектебінің «Әрбір бала – суретші» атты есеп беру көрмесі өтті. Көрме 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған болатын. Көрмеге елімізге танымал суретшілер, «San&art school» балалар сурет мектебінің оқушылары мен жас талантты суретшілер қатысты. Көрмеде «San&art school» балалар сурет мектебі оқушыларының қылқаламынан шыққан өнер туындылары қойылды.

Leave a Reply