Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен кезекті кездесу

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұжымы мен Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымының арасында онлайн форматтағы кездесу өтті. Кітапхана директоры Нұрлыбек Мыңжас кітапхана және оның атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Негізгі қор сақтау бөлімінің меңгерушісі Қосназарова Гүлдерайым сирек қордағы кітаптар туралы айта келе қордағы ең көне кітап хижра бойынша 1293 жылы жазылған «Құран» кітабы саналатынын, жалпы сирек қорда 606 кітап бар екендігі туралы ақпарат берді. Сирек қор қандай жолдармен жиналғанын және сандық жүйеге көшу жайында да сөз болды. Ұлттық орталық директорының орынбасары Күзембаев Қайыржан және қызметкерлеріміз де өз тарапынан орталықтың атқаратын қызметі және қоры туралы айта келе алдағы уақытта сирек қорлармен алмасу мақсатында меморандумға қол қою жоспарланды.