ӨЛКЕТАНУШЫ Р.С.ФЕДОРОВАНЫҢ 80-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ ІСІ: ДӘСТҮРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕБИНАР

«Туған жер» дегенде әрбір адамзат баласының жүрегінде ыстық ықылас пен  мен шабыт сезімі ұялайтыны анық. Себебі, туған жеріміз кіндік қанымыз тамған жер, анамыз.

        Тарих ғылымының бір саласы ретінде өлкетанудың алатын орны туралы еліміздің бірнеше ғалымдары қалам тербеп көптеген ғылыми еңбектер арнасын дүниеге әкелді. Осы ретте, өлкетану ғылымы саласында толассыз еңбек атқарған ардагер-ұстаз Федорова Раиса Самиуловнаның 80-жылдығына орай, ағымдағы жылдың қараша айының 27-ші жұлдызында  Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ң «Қазақстан тарихы» және ӘСП кафедрасы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ң «Қазақстан тарихы» кафедрасымен бірлесіп өткізген «Шығыс Қазақстандағы тарихи өлкетану ісі: дәстүрі мен келешегі» атты халықаралық вебинарға ұлттық орталықтың ғылыми кеңесшісі Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы қатысып, өлке тарихындағы өзекті мәселелер туралы ғылыми ойларымен бөлісті.

        Аталмыш ғылыми іс-шарада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университеті, Шәкәрім университеті және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің  профессор-оқытушылар құрамы, музей, архив және кітапхана қызметкерлері және студенттер қатысты.

        Аталған ғылыми вебинарда өлкетанушы Федорова Раиса Самиуловнаға арналған естеліктер арнасы және өлке тарихындағы алатын орны мен толассыз еңбегі  туралы келелі ойлар айтылды.