Ұлттық орталық Баянауыл төрінде

Аталмыш конференцияда қазақ халқының көрнекті ойшылы Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы өмірі мен шығармашылығы туралы сыр шертетін ғалым-профессорлардың дәрістері тыңдалды. Ұлттық орталық атынан директор Айнұр Ерікқызы «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен М.Ж.Көпейұлы мемориалдық-музейі арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастық», Ұлттық орталықтың ғылыми кеңесшісі, т.ғ.д., профессор Задаш Оразғалиқызы «М.Ж. Көпейұлы және Ұлы дала мұрасы» атты мақаларын оқып, ғылыми тұжырымдарын бөлісті. Сондай-ақ, конференция соңында Әсет Пазыловтың «Степной провидец Машхур Жусуп» атты кітабының таныстырылымы өтті. Аталмыш кітаптың ресми түрде тұсауын Ұлттық орталықтың директоры Айнұр Жарахметова және филология ғылымдарының докторы, профессор Сонымен қатар, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Айнұр Жарахметова, Ұлттық орталықтың ғылыми кеңесшісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Зада Оразғалиқызы, «Реставрация және консервация» бөлімінің жетекшісі Сырым Сайлауұлы, жоғарғы санаттағы реставратор-маман Нұрлыбек Алпысбаұлы, сарапшы Мұхаммадияр Анқабаев және ғылыми қызметкер, докторант Алмас Темірбекұлы Отан тарихындағы тұлғалар ізімен Баянауыл ауданына ғылыми-экспедициялық сапар жасады. Мәселен, Баянауыл ауданының кітапханасына, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров музейлері мен кесенелеріне, қасиетті Әулиебұлақ секілді т.б. қасиетті де тарихи жерлерге барып ерекше әсер алып қайтты.
Ұлттық орталықтың қызметкерлері сапар шеккен Баянауыл – Отан тарихында небір тұлғаларды дүниеге әкелген өңір. Себебі, өлкеде ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жырау Бұқар Жырау, XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, шежіреші, философ Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы, Алаш арысы белгілі қазақ зиялысы Жүсіпбек Аймауытов, Алаштың белгілі қайраткері Қошке Кемеңгеров, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров, ақын, жазушы Диқан Әбілев, Зейін Шашкин, Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан, белгілі археолог, т.ғ.д. Кемал Ақышев және т.б тұлғаларды ерекше мақтанышпен айта аламыз.
P.S. Баянауыл өңірінде өткен конференция барысын «ERTIS» телеарнасы, «Сарыарқа самалы» «Баянтау» және Екібастұздың «Отарқа» газеттеріне киелі Ертіс-Баянда өткен рухани-мәдени шара жан-жақты, егжей-тегжейлі жазылды. Осыған қарап, Павлодар өңірінің жұртшылығы рухани мұраға өте ықтияты қарайтынына көзіміз жетіп, ерекше бір қуаншта, келешеке деген зор үмітпен қайттық.
Баянауыл өңірінде өткен конференция барысын «ERTIS» телеарнасы, «Сарыарқа самалы» «Баянтау» және Екібастұздың «Отарқа» газеттеріне киелі Ертіс-Баянда өткен рухани-мәдени шара жан-жақты, егжей-тегжейлі жазылды. Осыған қарап, Павлодар өңірінің жұртшылығы рухани мұраға өте ықтияты қарайтынына көзіміз жетіп, ерекше бір қуаншта, келешеке деген зор үмітпен қайттық.