4-МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұжымы барша қазақстандықтарды аталмыш мерекемен құттықтай отыра, көк байрағымыз биікте желбіреп, айбынды еліміздің егемендігі және абыройы, асқақтай берсін деп тілек білдіреді! Осы ретте, Сіздердің назарларыңызға еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы бір үзік ақпаратпен бөлісуді жөн санап отырмыз.

Ежелден ата-бабалар аңсаған Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін мемлекетіміздің басты нысандарына айналған рәміздерге сүбелі үлесін қосқан қайраткерлерімізді, зиялыларымызды естен шығармай ұмытпағанымыз абзал.

Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Ж.Мәлібеков: «Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін символына айналу керек» деп келелі ойын атап өтеді.

Енді, мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихына зер салатын болсақ, 2007 жылдың маусым айының 4-ші ширегінде «ҚР Мемлекеттік рәміздер туралы» қабылданған Конституциялық заңға сәйкес көк байрағы желбіреген елімізде Мемлекеттік рәміздер күні мереке ретінде аталып өтіледі.

Тәуелсіздіктің негізгі нысандарына айналған еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы бір үзік ақпарат беруді жөн санап отырмыз. Алдымен, еліміздің мемлекеттік гимніне тоқталып кететін болсақ, Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Қазіргі әнұранымыз 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Баршамызға белгілі, аталған гиміннің авторы, белгілі композитор Ш.Қалдаяқов болса, ал сөзін жазған Ж.Нәжімеденов және Н. Назарбаев еді.

Мемлекетіміздің басты символына айналған Елтаңбаның ерекшелігі туралы, белгілі сәулетші Ж. Мәлібеков келесідей атап көрсетеді: Елтаңбаны киіз үймен байланыстыруды жөн көрдім. Яғни, «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген киелі ұғыммен байланыстырдым. «Алтын адамда» жануарлардың бейнесі болғандықтан, сол жануарларды мен қанатты тұлпар қылып алдым. Жоғарғы үш үлкен қанатты үш жүздің халқы деген мағына берсе, ал, астындағы үш кішкентай қанат сол үш жүзден тараған қазіргі ұрпақтар екенін білдіреді. Жоғарғы үш қанаттың ортасындағы қиықтар елімізде өмір сүріп жатқан қандастарымыз болса, уықтар отанымыздағы басқа ұлыстардың бар екенін дәлелдейді». Жалпы, Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті матадан болып келеді. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.Ақпарат, akorda.kz және kazneb.kz сайттарынан алынды. Фото-сурет: https://ulttyq-atsport.kz/gosuda…/o-gosudarstvennyh-simvolah  сайтынан пайдаланылды