Бүгін қазақтың қайраткер азаматы Ақан Әбдуәлі басшылық жасайтын Жүргенов атындағы өнер академиясында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, вице-министр Нұрғиса Дәуешев, қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Мәлік Отарбаев бір топ ақын-жазушылармен кездесіп, әдебиет, өнер, мәдениет саласындағы ойларын ортаға салып, қаламгерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Сүйіншілейтін жаңалықтар көп екен.Бес өнер ошағына Ұлттық статусы беріліпті. Өнер, мәдениет ошақтары заң жүзінде жеке адамдарға берілмейтін болыпты. Жарнамаларға назар аудару керектігі, ақын-жазушыларға жасалатын қамқорлық туралы айтылды.Кездесу соңында министр Ақтоты Рахметоллақызы қаламгерлерге “Алғыс хат” тапсырды. Азды-көпті еңбегімізді елеп жатқан қазақтың қайраткер қызына шексіз ризашылығымызды білдіреміз!