Мәскеуде «Реставрация документа: консерватизм и инновации – 2021» атты басылымдар жинағы жарыққа шықты.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Ресей мемлекеттік кітапханасында құжаттарды сақтау жөніндегі «Реставрация документа: консерватизм и инновации – 2021» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарға Ресей, Франция, Египет, Словак, Грузия, Қазақстан, Қырғыстан, Түркіменстан, Молдова, Белоруссия, Армения елдерінің кітап мұраларын сақтаушылар мен қалпына келтірушілер басылым беттерінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш семинарға Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас реставраторы Сырым Сайлауұлы қатысып, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, бас реставратордың «О реставрации Корана 1280 года по хиджре» атты мақаласы Халықаралық ғылыми жинақта жарық көрді. Семинардың ғылыми жинағы енді ғана қорымызға келіп түсті. Осы ретте, ұлттық орталық ұжымы Сырым Сайлауұлын шын жүректен құттықтай отыра, ғылым мен еңбек жолында толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!