Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу мәселелері

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы бірігіп ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.
Сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет – әрбір азаматтың міндеті болып табылады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р. Ю. Киммен кездесу дәл осындай арнада өтті.
Іс-шара барысында Астана қаласы және Қазақстан Республикасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау фактілері туралы ақпараттық ролик көрсетілді. Әлемдік деңгейдегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша салыстырмалы талдау жүргізілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру үшін кез келген мемлекеттік органда және квазимемлекеттік секторда жүйелі негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігі атап өтілді.

Leave a Reply