«ULY DALA MURASY» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-КӨПШІЛІК ЖУРНАЛЫНЫҢ КЕЗЕКСТІ САНЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында тоқсан сайын «ULY DALA MURASY» атты ғылыми-көпшілік журнал басылып шығады. Ұлттық орталықтың «ULY DALA MURASY» атты журналының негізгі мақсаттары – еліміздегі және Отан тарихы мен мәдениетіне қатысы бар көне қолжазба мұралардың қазіргі жай-күйін таразылау, оларды зерттеп-зерделеу, жүйелеу, каталогтау, жариялау және ғылыми айналымға енгізу, сақтау және қалпына келтіру мәселелерін және Ұлттық орталықтың қор сақтау, ғылыми зерттеу, қалпына келтіру бойынша мақалалар көпшілік назарына ұсынылады. «ULY DALA MURASY» атты ғылыми-көпшілік журналының кезекті санында Отан тарихымыздың өзекті тақырыптарды қамтитын мақалалар анрасы оқырман назарына ұсынылды. Солардың ішінде, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев және Елорда шаhарын дамытудағы  үлесі, Елорда тарихы, Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлы тұлғасы, XVIII ғасырдың белгілі мемлекет қайраткері Сұлтанмамет сұлтан, XIV ғасырдағы Алтын Орда әдебиеті және өзге де маңызды ғылыми мақалалар жиналған.  Осы ғылыми басылымға төл тарихымызды көрсететін мақалаларды ұсынған ғалым-профессорлардың есімдерін атап өтетін болсақ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, т.ғ.д., Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызының., ҚР ҰҒА академигі, филос.ғ.д., Ғарифолла Есімнің., т.ғ.д., профессор Қабулдинов Зиябек Ермұханұлының, т.ғ.д., Артықбаев Жамбыл Омарұлының, PhD доктор Юлия Бартаның, т.ғ.д., профессор Бахыт Еженханұлының және өзге де ғалым-зерттеушілері мен ұлттық орталық қызметкерлерінің ғылыми мақалалары жарық көрді. Аталған ғылыми журналдың электронды нұсқасын Ұлттық орталықтың ресми сайтынан көріп, толыққанды түрде таныса аласыздар.