«ULY DALA MURASY» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-КӨПШІЛІК ЖУРНАЛЫ ТҮРКИЯ ЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ

2019 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ мен Түркия Республикасы «YERTAD» тарих және мәдениет қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум негізінде қауымдастықтың сайтына тоқсан сайын шығып тұратын ғылыми басылымның электронды форматтағы нұсқасы енгізілді: http://www.yertad.com/kazakistan-cumhuriyeti-kultur-ve-spor-bakanligi-nadir-kitaplar-ve-elyazmalari-milli-merkezi-ulu-bozkur-mirasi-dergisi/ Сонымен қатар, түркі тілдес елдердің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау мақсатында құрылған 70 мыңға жуық сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалары бар «Отырар» электронды кітапханасымен де қарым-қатынас жасалуда және Ұлттық орталықтың сандық нұсқадағы «ULY DALA MURASY» атты ғылыми-көпшілік журналын электронды кітапхананың сайтына енгізу де жоспарлануда. Бұл, әрине, зерттеушілер үшін таптырмас дүние болып табылады. Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық орталықтың «ULY DALA MURASY» атты журналының негізгі мақсаттары – еліміздегі және Отан тарихы мен мәдениетіне қатысы бар көне қолжазба мұралардың қазіргі жай-күйін таразылау, оларды зерттеп-зерделеу, жүйелеу, каталогтау, жариялау және ғылыми айналымға енгізу, сақтау және қалпына келтіру мәселелерін және Ұлттық орталықтың қор сақтау, ғылыми зерттеу, қалпына келтіру бойынша мақалалар көпшілік назарына ұсынылады.