Тарихшы ғалым Гүлфира Өтепова Ұлттық орталық төрінде

Павлодар Педагогикалық университетінің Қазақстан және шетел тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымының докторы Гүлфира Өтепова ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына арнайы келіп, Ұлттық орталықтың тыныс-тіршілігімен таныстып қайтты.

– Тарих патриотизмнің, ұлттық мақтаныштың, өз халқыңның, мемлекетіңнің, Отаныңның тағдыры үшін сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің негіздерін қалыптастырады. Кезінде Сервантес айтқандай: «Тарих – біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы, – дейді Гүлфира Елубайқызы.Ұлттық орталықтың көрме залы мен реставрация бөліміндегі мұраларды көріп, ондағы мамандармен пікір алмасты.