Түркия телеарнасы Ұлттық орталықта

«TPT» арнасының қызметкерлері Ұлттық орталықтың көрме залы мен реставрация бөлімін түсіруде. Түркия елінің Қазақстандағы елшілігіне қарасты Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы түрік тілі мен мәдениеті, өнері және тарихына қызығушылық танытатын барша қауымға өз мүмкіндіктерін ұсынуда. Қазақ-түрік бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсу мақсатында жоғары оқу орындармен, қоғамдық және жеке ұйымдармен ынтымақтастық негізінде ортақ жобалар іске асыруда. Түркия елінің мемлекеттік каналы «ТРТ» 1 «Қаламызға хош келдіңіз» атты телебағдарлама түсіру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына келді. Осы ретте Түркиядағы көрерменге ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығын таныстыру үшін түсірілім жұмыстары басталды. Түсірілім жұмыстары 15-нен 19 қыркүйекке дейін жалғасады.