«Astana Garden School»

Әлемнің ең мықты жоғарғы оқу орындарына талапкер даярлайтын елорда төріндегі «Astana Garden School» мектебінің Әзиза Тұлғабекова, Огулжан Мәмедова, Дархан Уахитова бастаған мұғалімдерімен қатар 9-сыныптың 33 оқушысы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына арнайы келіп, Ұлттық оралықтағы тарихи мұраларды тамашалады. Көрме залындағы көне кітаптар мен қолжазбалар жайлы бас ғылыми қызметкер Алмат Амантайұлы мол мағлұматтар берді. Сондай-ақ, әлемнің көптеген елдерінде болып тәжірибе жинаған білікті реставратор маманы, «Есепке алу, сақтау және қалпына келтіру, бүлінуден қорғау» бөлімінің басшысы Сырым Ботабеков оқушыларға көне мұраларды қайта қалпына келтіру жұмыстарының қыр-сырын айтты. Сонымен қатар «Astana Garden School» мектебінің 9-сынып оқушыларына Көрме және оқу залдарының жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бақытжан Төкенқызы Ұлттық орталықтың оқу залындағы еңбектерді таныстырды.Руханият ошағына келген оқушылар ерекше қызығыушылқтарын да жасырмады.«Ұлттық орталықтың басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Сіздермен қашанда тығыз байланыста болуға әзірміз. Оқушыларымыз Ұлттық оралықтағы тарихи мұралардан үлкен әсер алды. Бізде осындай қызық та маңызды мекеменің барын біліп, ерекше қуандық. Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлеріне сәттілік пен жемісті жұмыс тілейміз», – деп «Astana Garden School» мектебінің мұғалімдері өз алғыстарын білдірді.